00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Көкшетауда жоғалып кеткен 16 жастағы қыз елордадан табылды

07.04.2023 | 21:24
123
Фото: ашық дереккөз

Көкшетауда жоғалып кеткен жасөспірім қыз Астанада жүрген жерінен табылды, деп хабарлады Elorda.info

16 жастағы Лейла Тойбазар биыл 4 сәуірде сағат 16:00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған еді. Оны іздеуге Көкшетау қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы мен еріктілер жұмылдырылды.

Нәтижесінде Ақмола облыстық Полиция департаменті мен Астана қаласы Сарыарқа аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімнің жүрген жерін анықтады.

Биыл 7 сәуірде жоғалған қызды елордалық тәртіп сақшылары Астана қаласындағы мекемелердің бірінде байқап, ақмолалық әріптестеріне хабарлады. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған қыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, – деді ведомстводан.

Все новости