Елордада жол саласында қызмет ететін зертханашылардың алғашқы форумы өтті
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/zhzhzh_18b0911790.jpeg)
Ғылым қызметкерлері күніне арналып Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының базасында жол-құрылыс саласындағы сапаны бақылау қызметтерінде еңбек ететін қызметкерлердің алғашқы форумы болып өтті, деп хабарлады Elorda.info ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.
Көзделген негізгі мақсат – салада жұмыс істейтін әріптестердің өзара танысып, тәжірибе алмасуы, ортақ міндеттер мен мақсаттарды анықтау.
Іс-шараға 30-ға жуық маман, атап айтқанда, зертханалардың жетекшілері мен қызметкерлері, сондай-ақ техникалық қадағалау инжинирингтік қызметтерінің өкілдері қатысты.
Спикерлердің сөз сөйлеуі барысында семинарға қатысушылар инженерлердің рөлі, халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтін жолдарды салуға техникалық қадағалау мамандарының жауапкершілігі және басқа қызықты тақырыптар шеңберінде қызу пікірталастар өткізді.
Мұндай іс-шаралар автожол саласы үшін өте маңызды. Бұл ретте тәжірибе мен білім алмасудың зияткерлік алаңы ретінде ғылыми институттың маңызы зор. Жол құрылысшыларының мәртебесі мен имиджін одан әрі арттыру қажет, - деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» АҚ сынақ зертханасының басшысы Мейрамгүл Қабдығалиева.
Жеке сессия шеңберінде семинарға қатысушылар жолшылардың біліктілік базасын және жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасын құру жөніндегі институттың жобаларымен, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу алгоритмімен танысты. Сонымен қатар сарапшылармен аталған технологияларды іске асыру туралы өз көзқарастарымен бөлісті.
Семинарда мамандар материалдардың сапасы, жобалау, нормативтік құжаттардың әртүрлі оқылуы, жол құрылысындағы буындар арасындағы міндеттемелер мәселелерін көтерді. Өйткені форум өндірушілерге арналған, ал олар өз кезегінде автожолшылардың проблемаларымен жақсы таныс, - деді Мейрамгүл Қабдығалиева.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)