Еліміздегі этнос өкілдері арасында республикалық байқау басталды
![](/img/watch-gray.png)
Байқауды «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасын іске асыру аясында «Болашақ Қазақстанға» қоғамдық студенттік бірлестігі ұйымдастырады, деп хабарлады Elorda.info.
Жоба жетекшісі Бибінұр Шербаеваның айтуынша, «Елім дегендер» байқауы, аймақтық іріктеу және республикалық екі кезеңнен тұрады. Қатысушылар «Ақындар мүшәйрасы», «Көркемсөз өнері», «Аспаптық өнер», «Дәстүрлі ән» сияқты төрт номинация бойынша бақ сынасады.
Байқауымызға 14 пен 35 жас аралығындағы өзге этнос өкілдерінің жастары қатыса алады. Алғашқы кезеңде біз қатысушылардың қазақ тілін қаншалықты білетінін бағалаймыз. Олар «Ақындар мүшәйрасы», «Көркемсөз өнері», «Аспаптық өнер» немесе «Дәстүрлі ән» номинациялары бойынша өздеріне қатысты ақпаратты бейнеролик ретінде жіберуі шарт. Бейнематериалдардың сілтемесі elimdegender.kz@gmail.com поштасы арқылы 1-20 қазан аралағында қабылданады. Бейнежазбаның ұзақтығы төрт минуттан аспауы қажет. Үздік деп танылған қатысушылар Астана қаласында өтетін байқаудың финалына жолдама алады, - деді «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасының жетекшісі Бибінұр Шербаева.
«Елім дегендер» байқауы қорытынды кезеңінің жүлде қоры 4 000 000 теңге. Әр аталым бойынша І, ІІ және ІІІ орын иегерлері анықталып марапатталатын болады.
І орын иегерлері мөлшері 500 000 теңгені құрайтын сыйлыққа ие болса, ІІ орын иегерлеріне 300 000 теңгені табыстаймыз. Ал ІІІ орын иегерлері 200 000 теңгелік жүлдені еншілемек, - деді Б.Шербаева.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)