Елімізде әр балаға 70 мың теңгеден жәрдемақы беріле ме
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/bdsh_0f2203bc74.jpg)
Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева бүгін жалпы отырыста әр балаға 70 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.
Депутат атаулы әлеуметтік көмекті алып тастап, жаңа әлеуметтік жәрдемақы тағайындауды сұрады. Оның айтуынша, бұл әлеуметтік пробламаларды шешеді.
Осындай отбасыларды қолдау деңгейін көтермейінше, мынандай жағымсыз салдардан арылмаймыз деп отыр:
- бала туудың төмендеуі;
- ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу санының ұлғаюы;
- болашақта еңбек ресурсы тапшылығының туындауы;
- қоғамда әлеуметтік шиеленістің өршуі, кедейліктің өсуі, Қазақстандағы ауқатты адамдар мен әлеуметтік осал топтар арасындағы алшақтықтың артуы.
Біз ең төменгі жалақы мөлшерінде әр балаға 70 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды қарастыруды ұсынамыз. Мысалы, 4 балаға берілетін жәрдемақы 280 мың теңгені құрайтын болады. 2 балаға 140 мың теңге тағайындалады. Қазіргі уақытта 4 бала 55 340 теңге жәрдемақы алады. Әр балаға айына 13 826 теңге бөлінеді. Бұл әлеуметтік қолдаудың ақылға қонымсыз мөлшері, - деді ол.
Гаухар Танашева мұнда инфляцияның тұрақты өсуі, экономикалық тұрақсыз жағдай, тұрғын үйдің жоқтығы және халықтың осы санатындағы адамдардың тұрақты жұмыспен қамтылмағаны ескерілмеген деп айтты.
Бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған жәрдемақыны қалыптастыру саясаты тұтастай алғанда халықтың осы санатының қажеттілігін қанағаттандырмайды. Осы саладағы мемлекеттік органдар жүргізетін реформалардың барысы туралы толық ақпарат беруді, сондай-ақ АӘК және 18 жасқа дейінгі бірыңғай балалар жәрдемақысын есептеу әдістемесін қарауды сұраймыз, - деді ол.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)