00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елімізде IT-Aiel 2.0 жобасы басталды

12.06.2024 | 12:01
Торғын Аман
161
Елімізде IT-Aiel 2.0 жобасы басталды
Фото: ОКҚ

Жоба қазақстандық әйелдерге ІТ саласында өз орнын табуға және цифрлық технологияларды дұрыс пайдалана отырып, ақша табуға көмектеседі. Бұл туралы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «TechnoWomen» КЕҰ Басқарма Төрағасы Азиза Шужеева ОКҚ алаңында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

«Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия әйел жандарға арналған цирфландыру бастамасымен қыздар мен әйелдерді цифрландыруға тартуда. Бұл әйелдердің көбірек табыс табуы және экономикалық жағдайын жақсарту үшін жасалып отыр», - деді спикер ОКҚ алаңында.

IT-Aiel 2.0 жобасы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының, «TechnoWomen» қауымдастығының және Astana Hub халықаралық технопаркінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Все новости