00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елімізде ерекше қажеттіліктері бар қанша адам тұрады

04.04.2023 | 17:10
92
Фото: ашық дереккөзден

Республикада ерекше қажеттіліктері бар 711,8 мың адам тұрады, деп хабарлады Elorda.info.

Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру –  мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда халықтың осы санатын әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілетін болады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда тұратын 711,8 мың мүгедектігі бар адамның 420 мыңы еңбекке қабілетті жаста (58%), 187,5 мыңы зейнеткерлік жаста (26,3%) және 104,3 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар (14,6%).

Мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді 731 мемлекеттік ұйым ұсынады, оның ішінде:

- стационарлық үлгідегі 116 мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекеме;

- 80 мемлекеттік күндізгі орталықтар;

- 32 мемлекеттік оңалту орталығы;

- үйдегі 503 әлеуметтік көмек бөлімшесі.

 

Все новости