00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елімізде ең арзан қаймақ қай өңірде сатылады?

17.08.2023 | 14:00
180
фото: recept.photo

Шілде айында еліміз бойынша қаймақтың орташа бағасы келісіне 1912 теңгені құрады, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда сүт өнімі 22,4 пайызға қымбаттаған.  Қаймақ Алматы қаласының тұрғындарына қымбатқа түседі. Онда бұл өнімнің орташа бағасы 2350 теңге мөлшерінде. Бұл өнімнің қымбаттығы бойынша екінші орында Атырау – 2079 теңге. Одан әрі Өскемен – 2068 теңге. Ақтөбе мен Қызылордада қаймақтың бір келісі үшін орта есеппен 2058 теңге жұмсау керек. Ең арзан қаймақ Көкшетау қаласында – 1270 теңге. 

Айта кетейік, Қазақстанда қаңтар-шілде айларында 21 мың тонна қаймақ өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 мың тоннаға артық.

Все новости