Елімізде бассейндік инспекция қызметкерлерінің саны 1,5 есе өсті
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/2022_07_13_2022_06_02_210319201618809e_42907a8274.jpg)
Елімізде бассейндік инспекция қызметкерлерінің саны 1,5 есе өсті. Яғни, осыған дейін елімізде бассейндік инспекция қызметкерлерінің саны 98 адам болса, қазір жалпы штат саны 242 адамға жетті, деп хабарлады Elorda.info Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл республиканың әрбір облыс орталығында бассейндік инспекция бөлімдерін ашуға мүмкіндік берді. Биыл Ұлытау және Жетісу облыстары бойынша бассейндік инспекция бөлімдері, сондай-ақ Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Түркістан облыстарындағы бөлімдер қосылады.
Бұдан бөлек, жаңа Су кодексінде бассейндік инспекцияларға қадағалау функцияларын беру қарастырылған. Ал Кәсіпкерлік кодекс су ресурстарын басқару органдары жедел ден қою шараларын қабылдай алатын нормалармен толықтырылуда.
Қазақстанның су ресурстарын қорғау мәселесі күн тәртібінде тұр. Судың «қара нарығын» жою және оның пайдалануын бақылауды қамтамасыз ету үшін біз бассейндік инспекциялар штатын арттырдық, сонымен қатар олардың материалдық-техникалық базасын жақсартуды жоспарлап отырмыз. Бұл шаралар бізге мүмкіндігінше көп су айдындарын қамтуға мүмкіндік береді, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
![](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![Мүгедектігі бар азаматтардың цифрлық картасы әзірленіп жатыр – министр](/img/articles/b5cfdeed649b4a567daaf75da14188e5.jpg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)