Биыл іздеуде жүрген 2,5 мың қылмыскер ұсталды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/2023_01_16_88_c73e767dd8.jpeg)
Арада жылдар өтсе де, шетел асқан қылмыскерді ұстау, далада жоғалған баланы табу, белгісіз жағдайда қаза болған адамның жеке басын анықтау – ІІМ криминалдық полиция қызметкерлерінің жұмысында кездесетін дүниелер, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
2023 жылдың басынан бері бұл қызметтің жедел уәкілдері 2,5 мың іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, оның ішінде: 34 кісі өлтіруші; 17 қарақшы; 84 тонаушы; 10 бопсалаушы; 11 зорлықшы; 87 есірткі қылмыскері бар.
Мысалы, осы жылдың шілде айында Шымкентте жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің қызметкерлер 2018 жылы Дубайда кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген ер адамды ұстады. Сондай-ақ Таразда 2022 жылдың қараша айынан бастап Қарағанды облысының полиция департаментімен кісі өлтіруге оқталғаны үшін іздеуде жүрген екі азамат құрықталды, – деді ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.
Қылмыскерлерді іздеу тек ел аумағымен шектелмейді. Іздестіру жұмыстары басқа мемлекеттерде де жүзеге асырылады. Бұл ретте Интерполдың Ұлттық орталық бюросының мүмкіндіктері кеңінен қолданылады. Сонымен қатар ТМД-ға қатысушы елдердің аумағында жылына екі рет «Іздестіру» операциясы жүргізіледі.
Елден тыс жерлерде жыл басынан бері 70 қылмыскерді ұстап, одан бөлек тағы 36 іздеуде жүрген адамды анықтадық. Олар АҚШ, Швеция, Германия, Түркия, сондай-ақ өзге де алыс-жақын елдерде табылды, – деп атап өтті Руслан Назаров.
Қазақстан ІІМ жедел-іздестіру топтары шетелде 34 қылмыскерді ұстап, хабар-ошарсыз кеткен бір адамды тапты. Ал Қазақстан аумағында басқа мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен іздеуде жүрген 374 қылмыскер табылды.
Мәселен, біздің жедел-іздестіру тобымыз қараша айында Грузия қалаларының бірінде 2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың ақпанына дейін қаржы пирамидасын құрған және басқарған күдіктіні ұстады. Ол азаматтарға 2 млрд теңгеден астам шығын келтірген, – деді спикер.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)