00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Биыл 8 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи отанына оралды

06.06.2023 | 12:01
97
Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың басынан бері сегіз мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесіне ие болды, деп хабарлады Elorda.info Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

2023 жылы 1 маусым бойынша 8 034 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға 1 миллион 115,1 мың этникалық қазақ оралды, – деді ведомство.

Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (54,2%) Өзбекстаннан, 20,1% Қытайдан, 11% Ресейден, 6,4% Моңғолиядан, 4,9% Түрікменстаннан және 3,3 % басқа елдерден оралған.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,8%); Маңғыстау (12,8%); Түркістан (6,4%); Жамбыл (4,8%); Астана (10,7%); Алматы (8,8%) және Шымкентте қоныстанды (7,1%).

1 маусым бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 67,5%, еңбекке жарамды жастан кіші адамдар 23,8% және зейнеткерлер 8,7%-ға тең.

Еңбекке жарамды жастағы қандастардың 17,3%-ның жоғары білімі бар, 37%-ның арнайы орта білімі бар, 38,4%-да жалпы орта білімі және 7,3%-ның білімі жоқ.

Все новости