00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстанда 60 жастан асқандар саны белгілі болды

01.10.2023 | 06:30
135
Фото: Дмитрий Рогулин / ТАСС

Қазақстанда 1 қазанда Қарттар күні атап өтіледі. Осыған орай ұлттық статистика бюросы еліміздегі қарттар санын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

2023 жылдың басындағы жағдай бойынша 60 және одан жоғары жас тобындағы халық саны 2 616 515 адамды құрайды. Бұл – елдің жалпы санының 13,2%-і.

Олардың ішінде:

Ерлер – 1 031 051 адам (39,4%)

Әйелдер –1 585 064 адам (60,6%).

Егде жастағы халықтың ең көп саны Алматы қаласында – 288 922 адам, Қарағанды – 200 186 адам, Түркістан – 190 160 адам және Алматы облыстарында – 177 685 адам.

Өткен жылы 60 және одан жоғары жастағы жұмыспен қамтылған халық саны 308,3 мың адамды құраған болатын.

2021 жылмен салыстырғанда былтыр зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны 2,8%-ке көбейген, ал 60 жастан жоғары азаматтарға тағайындалған айлық зейнетақының орташа мөлшері 9,7%-ке артқан.

Все новости