00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астаналық 26 мың кемтар жанға түрлі әлеуметтік көмектер ұсынылды

24.11.2023 | 05:45
86
Фото: дереккөзден

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызмет түрлерін атады, деп хабарлады Elorda.info. 

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар шеңберінде әлеуметтік қызметтер порталы енгізілді.

«Мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде мүгедектігі бар балалар абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасындағы ұсынымға сәйкес оңалтудың техникалық құралдары және оңалту қызметтерімен әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қамтамасыз етіледі. Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалту қызметтері және техникалық құралдар өндірушісі мен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс қызметтерін жеткізу немесе алып кету арқылы алуға болады», - деп көрсетті Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы. 

Жыл басынан бері 26 011 мүгедектігі бар адам  техникалық оңалту құралдарымен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етілді. Оның ішінде протездік-ортопедиялық көмекпен – 3308 адам,  сурдотехникалық құралдармен – 757 адам,  тифлотехникалық құралдармен – 1256 адам, кресло-арбалармен – 963 адам,  санаторий-курорттық емделумен – 4997 адам,  жеке көмекшінің қызметтерімен – 2695 адам,  ымдау тілі маманының қызметтерімен – 500 адам,  міндетті гигиеналық құралдармен – 11 535 адам. 

Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдар үшін бірқатар әлеуметтік көмек түрлері көзделген. Атап айтқанда қалалық жолаушылар көлігі маршруттарында тегін жүре алады. Бұған қоса екі жылда бір рет тіс протездеу қызметтері, санация жасау сияқты медициналық қызметтер көрсетіледі. Көмір сатып алу, газ қазандығын өткізу мен оны орнатуға жұмсалған шығындар да бюджет тарапынан өтеледі. 

Басқарма мәліметіне қарағанда, елордада мүгедектігі бар адамдар мен кемтар балалар үшін «Инватакси» қызметтері бар.  Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар Параолимпиадалық жаттығу орталығы мен «Тарлан» мұз аренасы спорт кешеніне бара алады. 

Все новости