Астанадан Абай облысына гуманитарлық көмек жіберілді
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/05c1693d_329d_42f6_bd62_61603e56d55e_2d8b4f447e_0fd2fa207e.jpg)
Бүгін Amanat партиясы Астана қалалық филиалы жанынан партияластар, ірі кәсіп иелері, жергілікті әкімдік бірлесіп, Абай облысындағы тілсіз жаудан зардап шеккендер үшін гуманитарлық көмек жіберді. Аманаттықтар барлығы 15 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады, деп хабарлады Elorda.info.
Жөнелтілген заттарға күнделікті қажетті тауарлар, азық-түлік (сақтау мерзімі ұзақ), дәрілік препараттар және т.б. заттар жатады.
Абай облысындағы төтенше жағдай баршамызға үлкен қасірет. Партиялықтар Абай облысындағы жағдайға алаңдап отыр. «Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер» демекші сын сағаттағы партияластарымыз жұмылып, бірлесіп көмек қолдарын созуда. Аманаттықтар Арыстағы, Мақтааралдағы және Әулиекөлдегі оқиғалар кезінде зардап шеккен қазақстандықтарға көмектескен болатын. Бұл жолы да шет қала алмаймыз. Көмек қолын созғандар қатарында бастауыш партия ұйымдары, өндірістік кәсіпорындар мен белсенді партияластырымыз бар. Жүк көліктерімен 15 тоннадан астам қажетті жабдықтар бүгіннен қалмай Абай облысына жеткізіледі, - деп атап өтті өңірлік партия филиалы төрағасының орынбасары Сақтаған Сәдуақасов.
Ал, Астана қаласы мәслихатының төрағасы, Ерлан Каналимов:
Amanat партиясының елордалық филиалында таңертеңнен бастап өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек заттары жиналуда. Депутаттық корпус, кәсіпкерлер, бастауыш партия ұйымдарымен бірлесіп, бүгін Абай облысына гуманитарлық көмек жібергелі жатырмыз. Отандастарымыз көк түтіннің кесірінен көптеген қиыншылықтар көріп жатыр Барлық қайырымды жандарға алғыс айтамын. Дәл осындай уақытта біз елдігімізді, ауызбіршілігімізді көрсетуіміз керек. Себебі өзгенің басына түскен қиындыққа бейжай қарап, қол қусырып отыруға болмайды. Біз зардап шеккендерге мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге оралуға жағдай жасап, көмектесуіміз керек. Көмек берушілер қатарында депутаттар, жергілікті кәсіпкерлер мен еріктілер жасақтары қатысуда. Абай облысында еріктілер штабы жұмыс істеп жатыр, біз олармен хабарласып, ең керекті заттарды жіберіп отырмыз, – деді мәслихат хатшысы.
Сонымен қатар, партиялықтар мен «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелерінен еріктілер тобы құрылды, олар Абай облысына қалпына келтіру жұмыстарына қатысу үшін жолға шығады.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)