00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Ақшадан өлгенсің»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі өзіне айтылған ауыр сөз туралы мәлімдеді

16.04.2024 | 16:03
125
назым қаһарман
фото: дереккөзден

Назым Қаһарман әлеуметтік желідегі парақшасында Қуандық Бишімбаевтың ата-анасымен мүлікке қатысты келіспеушілік болғанын және сол үшін экс қайын атасынан ауыр сөз естігенін мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Назым Қаһарманның айтуынша, олар ажырасқан кезде мүлікті бөлмеген. Енді атышулы оқиғадан кейін қаржылық мәселе көтеріліп, бұл туралы сөз болған. Алайда Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы бұған көнбеген сыңайлы.

Қуандық балаларының мектебін төлеп жүрді. Мен соған да риза болдым. Бірақ Қуандық адам өлтірді. Бұл дегеніміз – Қуандықтың өзінің өлімі десе де болады. Себебі бұл оқиғадан кейін мен оны ата-ана статусында қарастырмаймын да. Сол себепті біз қаржылық мәселені көтердік. Сол кезде Қуандықдың әкесі маған «Ақшадан өлгенсің» дегені бар. Иә бар ойым ақшада шығар. Бірақ менің үш балам бар, - деп жазды ол.

Все новости