00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ахметбек Нұрсила: Сюцай ілімі – секта, оның артында ФСБ тұр

12.05.2023 | 22:00
173
Фото: ашық дереккөз

Ахметбек Нұрсила сюцай ілімін жоққа шығарып, оны сектаға теңеді, деп жазады Elorda.info

Ол бұл туралы «Айтамыз» бағдарламасында айтқан.  

Сюцай секта ғана емес, қазаққа қарсы жасалған үлкен жоба. Бұның артында ФСБ тұр. Оны мен анық білемін. Өйткені Жанаттың ютубтағы хабарларын көрген кезде осыдан 7-8 жыл бұрын ол толық, түрі арақ ішетін адамға ұқсайтын болған. Арақ ішіп, Ресей, Латвия мемлекеттерінде үлкен оргиялар жасағаны жайлы маған Ресейдегі азаматтар хабарласып айтты.  Маған жекеме сондай шағымдар түсті, -дейді Ахметбек Нұрсила. 

Оның айтуынша, Жанат Қожамжаровқа шетелдік азаматтар көмектескен көрінеді. 

Кейінгі кезде Жанаттың атағы танылып, түрі өзгеріп, әлеуметтік желідегі хабарлары керемет  дами бастады. Қарасам қасында Ресейдің оқыған, жоғары дәрежелі азаматтарын көрдім, - деді А. Нұрсила. 
 

Все новости