00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Абай облысындағы өрт: Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ

14.06.2023 | 09:00
105
Фото: ТЖМ баспасөз қызметінен

Қазіргі уақытта Абай облысында тартылған күштер мен құралдармен өртті сөндіру жалғасуда, деп хабарлады Elorda.info ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жедел штабтың мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртке қарсы арақашықтық пен минералдандырылған жолақтарды жасау, өрт ошақтары мен өрттің периметрі бойынша жиектерге су төгу, өрттің жиегін топырақпен жабу және толтыру жұмыстары жалғасуда.

Ағымдағы ауа температурасы 23-28 градус, солтүстіктен соққан жел секундына 7-12 метрге жетеді, жауын-шашынсыз.

Өртті сөндіруге ТЖМ, Экология және табиғи ресурстар министрлігінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 800-ге жуық адам, 350-ден астам бірлік техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар, тартылған тікұшақтар өрт аумағын аэровизуалды тексеруді және өрт ошақтарына су ағызуды жүзеге асыруда. Өткен тәулікте барлығы 535 рет көлемі 1 600-ге жуық тоннадан астам су ағызылды. Өрт басталғалы бері барлығы 1 450 рет көлемі 4 000 тоннадан астам су ағызылды.

Осы уақытқа дейін жедел желі телефонына 179 қоңырау келіп түсті. ТЖМ және ТЖД жедел желісінің телефондары: 8 7172 53 32 84, 8 7222 35 38 31.

«Қазгидромет» АҚ деректері бойынша 14 маусымға ауа райы болжамы: жауын-шашынсыз, солтүстік, солтүстік-шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады деп күтілуде, ауа температурасы түнде +8+13 °С, күндіз +20+25 °С.

15 маусымда жауын-шашынсыз, солтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 17-22 м/с болады деп күтілуде, түнде ауа температурасы +5+10 °С, күндіз +23+28 °С.

Все новости