«АрселорМиттал Теміртауға» 16,5 млн теңге айыппұл салынды
![](/img/articles/uploads/6418132ce3e65475019492_c0506e33f3.jpg)
Бұл туралы Сауда және интеграция министирлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Комитеттің мәліметінше, Қарағанды аумақтық департаментінің барлық қызметкерлері жеті шахта мен «Восточный» орталық байыту фабрикасының қызметін тексеруге жұмылдырылған. Тексеруді облыс прокуратурасы тағайындады. Оның барысында барлық сегіз объектіде тексеру мерзімі өткен 89 өлшем құралын қолдану фактісі анықталыпты.
Осындай өлшеу құралдарының дұрыс емес нәтиже көрсетуінен жеке және заңды тұлғалардың мүддесін қорғау қамтамасыз етілмеген және бұл жерасты тәсілімен тас көмірін өндіруді жүзеге асыратын қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді, - дейді комитет Төрағасы Қуаныш Елікбаев.
Осылайша Қарағанды облысы прокуратурасының ұсынысы мен материалдарының негізінде «АрселорМиттал Теміртау» Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 419-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы бойынша әкімшілік жауапқа тартылып отыр.
Бұдан басқа, Қарағанды Департаменті кәсіпорынға қатысты заңнаманы бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Жеке ұсыныс енгізді, олар бүгінгі күні жойылды.
Сондай-ақ тексеріспен «АрселорМиттал Теміртауда» тас көмірді жерасты тәсілімен өндіру кезінде мемлекеттік реттеуге жатпайтын өлшеулер жүргізілетіні анықталды, өйткені өлшеулердің салалық тізбелеріне енгізілмеген. Бұл Өлшемдер Қауіпсіздік пен еңбек жағдайларының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Департамент өлшемдер тізбесін одан әрі қарау және оларды салалық мемлекеттік органдар бекіту үшін кеңейту жөнінде ұсыныстар дайындады», -делінген комитет мәліметінде.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)