00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Өткен аптада елімізде 3000-ға жуық қылмыс тіркелген

01.04.2023 | 00:37
Елорда ақпарат
55

Өткен аптада ел аумағында үш мыңға жуық қылмыс жасалған. Бұл туралы ІІМ-нің онлайн өткен брифингісінде ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Алдымен елдегі криминогендік жағдайға тоқталайық. Бір апта ішінде 2918 қылмыс жасалды, оның 1842-сі тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 12 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 26 тонау және 455 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді ол.

Сонымен қатар полицейлер 124 есірткіге қатысты құқық бұзушылық, оның ішінде 16 өткізу, 15 сақтау, 2 контрабанда, 2 өсіру фактісін анықтап, 1 притонды ұйымдастырып, ұстау фактісін тіркеді. Заңсыз айналымнан шамамен 121 келі есірткі, оның ішінде 6,5 келі синтетика тәркіленген.

Все новости