00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елімізде мемлекеттік қызметшілер арасында әйелдердің үлесі қанша

01.04.2023 | 00:05
Елорда ақпарат
45

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Айнұр Арғынбекова айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мәліметіне қарағанда, 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік қызметшілер саны 90 мыңнан астам болды. Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55,4 пайызға жетті, - деді А. Арғынбекова.

Оның айтуынша, басшылық қызметтегі әйелдердің үлесі 39,2 пайыз деңгейінде.

Кейінгі 5 жылда мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 39 шамасында, - деді сенатор.

Айта кетейік, бүгін Сенатта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыланып жатыр.

Все новости