00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

3 өңірде оқушылар аралық және қорытынды емтихандардан босатылды

21.05.2024 | 13:42
192
Кәсіпорындар шығындарды өтеудің жаңа түріне өтініш бере бастады
Фото: www.gov.kz

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі 3,5 мыңнан астам оқушы аралық және қорытынды емтихан тапсырмайды. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Олардың қатарында Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының білім алушылары бар. Олардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады.

«Айта кету керек, 9-шы және 11-сыныптарды бітірушілер үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді», - делінген хабарламада.

Алғаш рет 5-8, 10 сынып оқушылары үшін қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау мақсатында қазақ тілінен аралық емтихандар өтеді. 2023-2024 оқу жылының аяқталуында «Білімім - Отаныма» бірыңғай сынып сағаты өтеді. 25 мамыр күні «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында мектеп бітірушілерге арналған іс-шара өтеді.

Аттестаттар тапсыру салтанаты 12-15 маусым аралығына белгіленді.

Все новости