00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Еліміздің 10 өңірінде өзен сулары тасуы мүмкін

31.03.2023 | 23:58
Елорда ақпарат
129

«Қазгидромет» РМК су тасқыны бойынша негізгі болжамды жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанның жазық өзендерінде көктемгі су тасқыны ағынының күтілетін көлемі 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша гидрометеорологиялық бақылаулар мен өлшеулер деректері негізінде жасалған.

«Қазгидромет» РМК өңдеген NASA спутниктерінің ЖҚЗ (Жерді қашықтықтан зондтау) суреттеріне сүйенсек, 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның қарлы аумағы 72% болды.

Жауын-шашынның мөлшерін, қардағы су қорын, топырақтың күзгі ылғалдылығының көрсеткіштерін, топырақтың қату тереңдігін, сондай-ақ өзендердің мұз режимдерін талдай отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берілді, – делінген хабарламада.

Қаупі жоғары аймақтар: Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы және Жетісу облыстары.

Орташа қауіпті: Павлодар, Атырау және Ұлытау облыстары.

Қаупі төмен өңірлер: Түркістан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстары.

Қарағанды (Нұра өзенін қоспағанда), Ұлытау, Ақмола (Жабай өзенін қоспағанда), Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы ылғал қорының көлемі орташа көпжылдық мәндерден 13-44%-ға төмен. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында орташа көпжылдық мәннен 37%-ға және 74%-ға жоғары, – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Синоптиктердің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта қар жинау процесі жалғасуда.

Все новости