00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Биыл 950 мыңға жуық адам жұмысқа орналасады

31.03.2023 | 23:16
Елорда ақпарат
82

Халықты жұмыспен қамту мәселелері үнемі бақылауда және бірқатар шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл жыл басында өңірлік жұмыспен қамту карталары бекітілді, оның шеңберінде осы жылы жұмысқа орналастыру бойынша жоспарлар белгіленді.  

2023 жылы 950 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда, оның ішінде 231,3 мыңы – Ұлттық жобаларды іске асыру арқылы, соның ішінде субсидияланатын жұмыс орындарына, 345,8 мыңы – Мемлекет басшысының «10 мың халыққа 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде, 320,4 мыңы – жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына орналастыру көзделген, – деді вице-министр. 

Вице-министрдің айтуынша, 20 ақпанда 117 мыңнан астам азамат жұмыс орындарына ие болды. Ұлттық жобалар аясында 73,3 мың адам жұмысқа қабылданды. «10 мың халыққа 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде жұмыс орындары 15,8 мың адамға ұсынылды, ал бос жұмыс орындарына жұмыс берушілерден 28,1 мың адам жұмысқа орналастырылды. 

Жұмысқа орналасудың барлық көрсеткіштерін зейнетақы аударымдары мен электрондық еңбек шарттары бойынша тексеріледі.

Все новости