00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

V-XIII ғасырларға тиесілі көне монеталарды АҚШ-қа заңсыз әкетпек болғандар ұсталды

31.03.2023 | 23:11
Елорда ақпарат
107

Алматы қаласы әуежайындағы халықаралық пошта жөнелтілімдерін бақылау учаскесінде Қазақстаннан АҚШ-қа көне монеталарды заңсыз әкетпек болғандар қолға түсті, деп хабарлады Elorda.info

Құжаттарға арналған қаптама қапшығының сыртына монеталарды жасыру фактісін кеден қызметкерлері қондырғының рентгенографиясын пайдаланып, сканерлеу барысында анықтады. Бұл монеталар V-XIII ғасырлар аралығында Орталық Азия аумағында жасалған және тарихи құндылыққа ие, - деп мәлімдеді Мемлекеттік кірістер комитетінен.

Департамент басшысының орынбасары Дәурен Мұстафиннің айтуынша, табылған заттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елден әкету кезінде міндетті декларациялауға жататын және уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда ғана мүмкін болатын мәдени-тарихи құндылықтар санатына жатады.

Қазіргі уақытта анықталған факт бойынша алынған заттар мен материалдар сарапшыларға берілді, олар қорытындыдан кейін монеталарды әкетуге әрекет жасаған адамға қатысты тиісті процестік шешім қабылдайтын болады, – делінген хабарламада.

Все новости