00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Бердібек Сапарбаев мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі туралы айтты

31.03.2023 | 23:07
Елорда ақпарат
67

Қазақстанның белгілі мемлекет және саяси қайраткері Бердібек Сапарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлерімен кездесу өткізіп, мемлекеттік қызметтегі өз тәжірибесі туралы айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.

Әр жылдары Бердібек Сапарбаев түрлі мемлекеттік және саяси лауазымдарды атқарды, оның ішінде республиканың 5 өңірін басқарды, екі рет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі және ҚР Премьер-министрінің орынбасары болды.

Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев Еңбек министрлігінің жас қызметкерлерімен мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Бердібек Сапарбаевқа "Еңбек ардагері" медалін табыс етті.

Все новости