00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Биыл 80-ге жуық археологиялық жоба іске асырылады

31.03.2023 | 23:00
Айман Нығмет
73

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің Мәжілістің таратылған 8-шақырылым депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде археологиялық қазба жүргізу тәртібі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңында айқындалған. Мәдениет және спорт министрлігі құқық қорғау органдары мен әкімдіктер бұл салада заңнаманың сақталуын қатаң қадағалайды. Заңның 33-бабына сәйкес археологиялық жұмыс уәкілетті орган бекіткен арнайы жоспардың негізінде жүзеге асады. Археологиялық қазбаны жоспардан тыс жүргізуге тыйым салынған. Жоспар мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде бір жылға жасалады. 2022 жылы республика бойынша 68 археологиялық қазба жүргізілсе, 2023 жылы 79 археологиялық жобаны іске асыру көзделген, - дейді Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, аталған заңның 12-бабына сәйкес археологиялық жұмысты жүргізу қызметі лицензияланады.

Лицензия алуға үміткер ұйымда міндетті түрде тәжірибелі ғалымдар мен мамандар жұмыс істеуі тиіс.

Лицензияны жергілікті атқарушы органдармен келісе отырып, уәкілетті орган береді.

Бүгінгі күні археологиялық қазба жүргізуге 24 ұйымның лицензиясы бар. Қазба барысында табылған материалдар тіркелгеннен кейін мемлекеттік музейлерге тапсырылады. Археологиялық ізденіс аяқталғаннан кейін лицензиат 10 күннің ішінде министрлікке есеп береді. Заңсыз археология қазбасы үшін Қылмыс кодексінің 295-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылған, - деді Үкімет басшысының орынбасары.

 

Все новости