00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Жеңілдетілген автонесие алғандардың тізімі жариялана ма

31.03.2023 | 22:45
Елорда ақпарат
89

Жеңілдетілген автонесие алған қазақстандықтардың аты-жөні жариялануы мүмкін. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Бағдарламаға қатысатындардың тізімін өзіміз жариялай алмаймыз. Себебі бұның барлығы – жеке мәлімет. Ал ол адамдардың келісімі болса, тізімді жариялауға болады, - деді М.Қарабаев.

Оның айтуынша, автонесиесінің сайты жетілдіріле түседі.

Жалпы аталған бағдарлама ашық жүзеге асырылады.  Адами факторға жол берілмейді. Бағдарлама жұмысын жетілдіре түсуге арналған ұсыныстарды қарауға әзірміз, - дейді ведомство басшысы.

Все новости