00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Әріп танымаймын»: 42 жастағы әйел «Әліппені» қолына алды

31.03.2023 | 22:42
ҒаниАтымтай
72

Алматы облысында пәтер жалдар тұратын Талғат Кәстекбаев пен Жаңакүл Көшербаеваның үш баласы бар. Олар күн салқында киетін аяқ киім таба алмай, мектепке бара алмай отыр. Ал балалардың анасы 42 жасына дейін әріп танымаған, деп жазады Elorda.info

КТК телеарнасының «Дау-дамайсыз» бағдарламасынан белгілі болғандай, Жаңакүл 1981 жылы Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. Шамамен 1988 жылы мектепке баруы керек болған. Алайда белгісіз себептермен оқымаған.

 Әйелім 7 жасында анасынан айырылған. Әжесі, әкесі мен өгей анасының қолында өскен. Сауаты жоқ, әріп танымайды. Егер мүмкіншілік болса, кешкі мектепте болса да оқыса екен, - дейді отағасы.

Ал әйел әріп танып, сауатты болуды армандайтынын айтады. 

Әріп танымаймын. Оқи да, жаза да алмаймын. Шыны керек, ешқандай әріп білмеймін. Әріп тану - менің өмірлік арманым. Қазір осының азабын тартып жатырмын. Қыздарым үшін де сауатты болғым келеді. Кезінде өзім оқымадым, ниет те болмаған шығар, - дейді Жаңакүл.

Бағдарлама жүргізушісі Гүлмира Әбіқай бұл мәселенің де шешімін тауып, Жаңакүлді оқу орталығының жетекшісіне тапсырды. Бұл орталық Жаңакүлді тегін оқытады.

Осылайша, өмірінде мектеп табалдырығын аттамаған әйел алғаш рет партаға отырып, «Әліппені» оқып жүр.

Все новости