00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Автонесие: сайтқа бір минутта 125 мың адам кірген

31.03.2023 | 22:41
Елорда ақпарат
92

4 пайыздық жеңілдетілген автонесие өтінімін қабылдауға арналған autonesie.kz сайтына бір минутта 125 мың адам кірген. Бұл туралы Өнеркәсіпті дамыту қорының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Платформа іске қосылған алғашқы минуттың ішінде autonesie.kz сайтына 125 мың адам кірді, - деп жазылған мәліметте.

Оқи отырыңыз: Жеңілдетілген автонесие: Өтініш беру бір минутқа жетпей тоқтап қалды

Бүгін жеңілдетілген автонесие алуға өтінім қабылдау басталады

Айта кетейік, жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдаудың алғашқы легінде 761 адам өтініш бере алды.

761 қазақстандық өз өтінімдерін платформа жұмысын бастаған алғашқы 18 секундтың ішінде беріп үлгерді. Өтінім қабылдау сағат 10.00-де басталса, алғашқы минуттың ішінде 125 мың адам кірді.

Autonesie.kz жүктемені еңсеріп, өтінімдер пулының қалыптасуын қамтамасыз етті. Лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталып, «өтініш беру» функциясы тоқтатылды.

Өтініш беру процесінде кейбір пайдаланушылар автомобиль өндірушісін таңдай алмай жатты. Бұл сонымен қатар өтінім лимитіне қол жеткізумен байланысты, - деп жазылған ресми мәліметте.

Все новости