00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Америкалық азамат қазақ тілін Ninety one тобының әндерінен үйренген

31.03.2023 | 22:26
Елорда ақпарат
71

Америкалық азамат қазақ тілін Ninety one тобының әндерінен үйренген. АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі өкілдері шетелдіктің оқиғасын айтып берді, деп хабарлады Elorda.info Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Эван Аллен Тараздағы университеттердің бірінде ағылшын тілінен сабақ береді. Ол орыс тілін мүлде білмейтінін, сондықтан қазақ тілін үйренуге дереккөз табу қиын болғанын айтты.

Ninety one тобын тапқан кезде қатты қуандым. Мен олардың әндерінен тілді үйрене бастадым, олардан сөздер мен интонацияларды қайталай бастадым. Қазақ тілін үйренуге көп уақыт жұмсадым, - дейді шетелдік.

Эван топ әндерінің барлық сөзін біледі. Қазір ол Қазақстанда жүргенде топпен танысуды армандайды.

Өткен айда мен олардың Астанадағы жеке концертіне бардым. Онда болғаныма өте қуаныштымын. Бір күні топпен кездесіп, оларға жеке алғыс айтамын деп ойлаймын, - деді Эван.

 

 

Все новости