00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстандықтардың қанша гектар жер иемдене алатыны белгілі болды

31.03.2023 | 22:13
Елорда ақпарат
102

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек Қазақстан азаматының иелігінде болуы мүмкін ауылшаруашылық мақсатындағы жердің шекті мерзімі бекітілгенін мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, биыл 11 қаңтарда Үкімет жер пайдалану құқығы бір қолда болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін бекіту туралы қаулы жобасын мақұлдаған.

Қазақстан бойынша орта есеппен, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты шаруа және фермер қожалықтары үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының шекті (ең жоғары) мөлшері 35 мың гектар, заңды тұлғалар үшін – 51 мың гектар мөлшерінде белгіленген. Бұл ретте осы норма енгізілгенге дейін берілген жерлер бойынша тиісті талдау жүргізіледі, - деді Әбілхайыр Тамабек министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Сондай-ақ ол жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасатынын да айтты.

Ол үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарды айқындауды, жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлар салатын айыппұлдардың шекті мөлшерін ұлғайтуды, сондай-ақ әкімдіктердің лауазымды адамдарының сауда-саттық пен конкурстарды өткізбеу және уақытылы өткізбеу жауапкершілігін анықтауды және тағы басқа мәселелер бойынша өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасы әзірленді. Биыл 18 қаңтарында заң жобасы Мәжілістің екінші оқылымында мақұлданып, Сенатқа жолданды, - деді вице-министр.

Все новости