«Маған таңырқай қарайды»: тараздық тұрғын 19 жылдан бері өлілер санатында жүр
![](/img/articles/uploads/63ca35d2e4211153095209_0eb88af25c.jpeg)
59 жастағы Тараз тұрғыны өзінің тірілер тізімінде жоқ екенін зейнетақы қорындағы қаражатын түгендеуге барғанда бір-ақ білген, деп хабарлады Elorda.info КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Олег Ким осындай жағдай менің басымнан өтеді деп ойламадым дейді. Фирмада жүк түсіруші болып істейтін ол зейнетақы қорындағы қаражатын түгендемек болыпты. Ондағылар 59 жастағы азаматқа аруақ көргендей шошынып қараған.
Зейнетке шығума жақын қалды. Сол себепті қордағы қаражатымды тексергім келді. Сөйтсем, мамандар маған таңырқай қарайды. «Сізге қызмет көрсете алмаймыз, себебі тірілер тізімінде жоқсыз» дейді. Қолыма қағазды ұстатты. Мен Алматы қаласы Түрксіб ауданы соттының шешімімен 2004 жылы марқұмдардың санатына қосылған екенмін, – дейді Олег Ким.
Сотқа жүгінген Олегтің бұрынғы әйелі болып шықты. 59 жастағы кісі Алматының аруымен 1990 жылы отасып, 2000 жылдардың басында ажырасып кеткен. Содан бері екеуі бір-бірін көрмеген. Олег 2003 жылы қарақшылық бабымен 9 жылға сотталғанын айтады.
Бұрынғы әйелім мені іздеп таппаған деп ойлаймын. Біз заңды түрде ажырасқан жоқ едік. 10 жастағы қызым қалған болатын. Мен із-түзсіз кеткесін, сотқа жүгінген болуы керек. Ал судья қайтыс болды деген шешім шығарған. Бірақ мені ешкім іздеген жоқ, – дейді Тараз тұрғыны.
Алпысты алқымдаған азамат еш кедергісіз өмір сүрген. Банк картасына тұрақты түрде жалақысы түсіп тұрған. Тіпті екі жыл бұрын ескірген төлқұжатын да ауыстырыпты. Таңғаларлығы, Олегтің бақилық болғандығы жөніндегі дерек электронды ортақ базаға тек 2021 жылы енгізілген екен. Бұған дейін тосқауылдардың болмауы содан болса керек. Ал АХАТ бөлімінің басшылығы кісінің шаруасын шешу аса қиын емес дейді.
Бұл кісі статусын қайтару үшін АХАТ бөліміне жүгінуі керек. Қайтыс болу акті жазбасын жою үшін өтініш жазуы керек. Содан кейін Түрксіб ауданы сотының 2004 жылғы шешімін жою үшін бұл кісіге сотқа жолдама береміз. Жою фактісін әкелгенде, біз оны жойып тастаймыз. Одан кейін статусы өзгереді, – дейді Тараз АХАТ бөлімінің басшысы Бақытнұр Тілеубекқызы.
Олег Ким Азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне өтініш тастады. Бірақ бұл кісіні тірілер қатарына қосу процесі қаншаға созылары айтылмады. Ал әзірге 59 жастағы азаматқа мемлекеттік және әлеуметтік қызмет мүлдем көрсетілмейді.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)