00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Депутат соңғы қоңырау мерекесін 31 мамырдан басқа күнге ауыстыруды ұсынды

31.03.2023 | 22:04
Елорда ақпарат
114

Бүгін Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мектептегі соңғы қоңырау салтанатын басқа күнге ауыстыру туралы Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлады Elorda.info.

31 мамыр – азаттық үшін арпалысып өткен, мемлекет құру жолында мерт болған, ұлт үшін атылған, ұрпақ бақыты үшін азап шеккен асыл бабалар алдындағы парызымызды сезінетін, алаш аманатына адал болуға құлшынатын күн.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №363 бұйрығына сәйкес, орта білім беретін мектептердегі соңғы қоңырау 36 оқу аптасының соңы 31 мамыр болып бекітіліп отыр. Бұл шешімнің бейіт басында той жасағандай әсер етіп тұрғанын айтпасақ болмайды. Аталған министрлікте осыны уақытында аңғарып, дер кезінде бұл бұйрықта оңтайлы шешім ұсынуға түсінігі жететін бір адамның табылмағаны ма шынымен?!

Қайран боздақтардың рухына бір күнді де қимай, апыл-ғұпыл аза тұтқансып, іле-шала той тойлап, думандатып кете беретін болсақ, елдігіміз қайсы?! Адамшылығымыз қайсы?!

Сондықтан мектептердегі соңғы қоңырау күнін 30 мамырға, не болмаса 1 маусымға ауыстыру керек. Бұл – ешқандай талқылауды қажет етпейтін әділетті талап, – деді депутат.

Все новости