00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру жалғасып жатыр

31.03.2023 | 22:01
Елорда ақпарат
113

Бүгін Үкімет отырысында сөз алған Ауыл шаруашылығы министрі Е.Қарашөкеев осыған дейін 205,4 миллион гектар алаңда ауыл шаруашылығы жерлеріне цифрландыру жүргізілгенін баяндады, деп хабарлады Elorda.info Бұл республиканың  272,5 миллион гектар аумағының 75 пайызын құрайды.

Оқи отырыңыз: «Ауыл – ел бесігі»: биыл 1,5 мың жоба іске асырылады

Ауылдарда 2027 жылға дейін 40 мың жаңа жұмыс орны құрылады

Елімізде мал жаюға 8,9 млн гектар жайылым жетіспейді

Министр Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге аса бастаған бұл игілікті істің ауыл шаруашылығы мамандарына пайдасы мол екенін айтады. Мәселен, Цифрлық ауыл шаруашылығы картасы контурлар, жол желісі, гидрография, инфрақұрылым объектілері туралы ауыл шаруашылығы алқаптарының барлық түрлерін қамтитын мәліметтермен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, жерлердің жемшөп сыйымдылығы туралы ақпаратты да осы жерден табуға болады. Ал бұл жергілікті халықтың жайылымдарға байланысты проблемалық мәселелерін шешу үшін таптырмас құрал.

Қажетті ақпарат көлемі бар цифрлық ауыл шаруашылығы картасы 2024 жылдың соңында аяқталады және ауыл шаруашылығы жерлерін одан әрі қайта бөлуге мониторинг жүргізу үшін негіз болады,- деді министр.

Все новости