00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Енді күре жолдарда орташа жылдамдық енгізілетін болады – ІІМ

31.03.2023 | 21:53
Елорда ақпарат
107

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха елді мекендерді жалғап жатқан күре жолдарда қандай да бір жылдамдық реттеушісі жоқ екенін, министрлік жаңа заңға бастамашылық жасауды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info

Қала көшелерінде жылдамдық режимі реттелген: бейнекамералар орнатылған, құқықтық шешімдер бар. Алайда, қала сыртындағы трассаларда проблема көп. Елді мекендердің қашық орналасуынан кейде тіпті электр сымы тартылмаған аймақтарға жылдамдық өлшеуішті орната алмайсың. Сондықтан, қала сыртындағы трассалардың учаскелеріне орташа жылдамдықты қолдануды ұсынып отырмыз. Мысалы, Астананың Қарағандыға шығар жолында арка орнатылады, келесі арка Теміртауға кіре берісте. Шартты түрде онда 140 км/сағ жылдамдыққа рұқсат беріледі. Бір аркадан екінші аркаға дейін көлік шартты түрде бір жарым сағатта жетуі тиіс. Егер ол көлік бір сағаттың ішінде осы аралықты жүріп өтсе, онда ол жылдамдық режимін бұзған деген сөз, – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Все новости