00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Кенесары ханның бас сүйегін елге қайтару қажет – Мәжіліс депутаты

31.03.2023 | 21:51
Елорда ақпарат
123

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақытбек Смағұл Кенесары ханның бас сүйегі мен мылтығын елге әкелу керек екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Мәжілісмен Үкімет басшысы Әлихан Смайловқа осындай сауал жолдады. 

Оқи отырыңыз: Путин Кенесары ханның сүйегін Қазақстанға жеткізуге көмектесуге уәде берді

Кенесары ханның бас сүйегін Ресей Қазақстанға бекерге қайтара салмайды – сарапшылар

Қазіргі уақытта Кенесары ханның бас сүйегі мен оның мылтығы Мәскеуде этнографиялық музейде уақытша сақтауда тұр. 2021 жылы географиялық қоғам ұйымдастырып, Қазақстаннан арнайы барған комиссия және мамандар Ұлы ханның бас сүйегі мен мылтығын сәйкестендіру жұмыстарымен айналысты. Тарихи, антропологиялық, музей және мұрағат зерттеулері кешенінің қорытындысында мылтықтың ханға 100 пайыз тиесілі екені, ал Кенесары ханның бас сүйегі жөніндегі сәйкестік 90%-дан жоғары екені айтылды, - деді Б. Смағұл.

Хан сүйегін Астанадағы Ұлттық пантеонда жерлеуді, ал мылтықты Ұлттық музейге тапсыруды ұсынған ол бұл шара ел рухының асқақтауына, отаншылдықтың күшеюіне және ел астанасындағы туризмнің дамуына ықпал ететінін жеткізді.

Все новости