Қарулы күштерде қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алды
![](/img/articles/uploads/63b7fe6c5e71f680726404_9a009cdb4b.jpg)
Барлық әскери бөлімдер мен мекемелерде әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алуға арналған іс-шаралар өтті, деп хабарлады Elorda.info.
2022 жылғы 6 қаңтарда Алматы қалалық әкімдігін бұзақылардан қорғау кезінде 35 гвардиялық десанттық-шабуылдау құрамасы командирінің орынбасары, подполковник Сәндібек Хайыров ерлікпен қаза тапты. Талдықорғанда қызметтік борышын атқару кезінде авиациялық базаның маманы, ефрейтор Ғабдолла Смайылқанов қаза болды. Сәндібек Хайыровты Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде бір минут үнсіздікпен еске алды. Подполковник Хайыров қызмет еткен Қонаев гарнизонының десанттық-шабуылдау құрамасында митинг өтті.
Қарулы күштерде Сәндібек Хайыров взвод командирінен десанттық-шабуылдау құрамасы командирінің орынбасарына дейінгі лауазымдарда қызмет атқарды. Ол нағыз десантшы ретінде соңғы сәтке дейін әскери борышына адал болып, ажалға қасқайып қарсы тұра білді. Жауынгер досымыз туралы естелік жүрегімізде мәңгі сақталады, – деді десанттық-шабуылдау құрамасының командирі, полковник Бейбіт Аманқалиев батырдың құрметіне ұйымдастырылған митингіде.
Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде де еске алу іс-шаралары өтті.
Қайратты, жас жігіттердің кісі қолынан қаза болуы қандай қиын? Бұл біз үшін үлкен шығын. Ғабдолла Смайылқанов соңына дейін өзінің әскери борышы мен антына адал болды. Біз оны әрдайым есте сақтаймыз, – деп атап өтті Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары, полковник Әлім Ибраев.
Бүгін Талдықорғанда ефрейтор Ғабдолла Смайылқановтың құрметіне ол қызмет өткерген әскери бөлімде еске алу бұрышы ашылды. Іс-шараға Жетісу, Үштөбе гарнизондарының бастықтары, 21751 әскери бөлімінің командирі, қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындары қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, әскери борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін подполковник Сәндібек Хайыров ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, ефрейтор Ғабдолла Смайылқанов ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен (қайтыс болғаннан кейін) марапатталған болатын.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)