00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Бокстан талай чемпионды жаттықтырған бапкер қартайғанда жалғыз қалған (ВИДЕО)

31.03.2023 | 21:28
Елорда ақпарат
92

Астанада бокстан талай чемпиондар жаттықтырған бапкер Маман Жиешев зейнет жасына келгенде жалғыз қалған. Бүгінде 80-нен асқан қария зейнетақысын кім алып жүргенін де білмейтін көрінеді, деп хабарлады Elorda.info «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Көршілерінің сөзінше, екі қызын тұрмысқа берген қарияның ешкім қарайласпағаннан күйі кеткен. Ақсақалдың ақыл-есі кәріліктен немесе кезінде алған соққыларынан кіресілі-шығасылы. Көршілері үйінде тамақ істеймін деп бірнеше рет үйін өртеп ала жаздағанын айтады. Жалғыз қалған қария кейде тіпті жуыну үшін спорт залының моншасына барады екен. 

Маман Жиешев осы күнге дейін бокстан бапкер болған, бірнеше чемпион дайындаған. Ол қазір зейнетақысын кімдер алып отырғанын да білмейді. 

Ұлдарын бұл бапкерге берген ата-аналар оның жоғары кәсіби маман екенін айтады.

Осыған дейін екі ұлымды осы жаттықтырушыға бердік. Соның арқасында олар жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Қазір үлкен деңгейде олимпиадалардың қосымша резерв командасына шықты, - деді шәкірттерінің бірінің ата-анасы Мәулен Әлімжанов.

Қызы Сәуленің айтуынша, әкелері жастайынан жалғыздықты жақсы көрген. Аналарымен ажырасқаннан кейін де бауырларына, балаларына қарамастан жалғыз тұруды шешкен екен. Тіпті Қарттар үйіне де барғысы жоқ. Ал зейнетақысын картасынан шешіп алып, баратын жеріне адаспай жететінін алға тартты.

Өткен аптаның жексенбісінде ағам екеуміз барып, ұйін жинап, еденін жуып, бес қап қоқысын шығарып кеттік. Айтсам сенбейтін шығарсыз, келесі күні ағам тағы барып қараса, үй кеше жиналғанға ұқсамайтын деңгейде қайта шашылған, - дейді қызы Сәуле Төлебаева.

Қарттары үйінің мамандары қарияның егер орталыққа келгісі келмесе, оның үйіне арнайы қызметкерлер аптасына барып тұрып, шаруаларына көмектесе алатынын айтады. Тек ол үшін құжаттарын жинап, арыз жазы керек екен.

Медициналық картаға тексерістен өтіп, жазып, халыққа қызмет көрсету орталығына баруы керек. Орталық қабылдаса біз барып тұрамыз, - деді Қарттар үйінің әлеуметтік қызметкері Айгүл Бекеева.

Все новости