00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Мүгедектігі бар туыстарына қарағаны үшін қазақстандықтарға жалақы төленеді

31.03.2023 | 21:25
Елорда ақпарат
66

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында айтты. Министрлік мүгедектігі бар адамға қызмет көрсету ісіне отбасы мүшелерін барынша тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Elorda.info.

Министр Тамара Дүйсенованың айтуынша, отбасы мүшесі жеке көмекші немесе әлеуметтік қызметкер ретінде рәсімделеді.

Бұл жұмысқа еңбекақы төленеді және әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарналары аударылады. Осылайша отбасының еңбек жасындағы жұмыссыз мүшелері қызметке орналасады. Сөйтіп әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда әлеуметтік қамсыздандыру шараларымен толық қамтылады, - деді Дүйсенова Үкімет отырысында.

Сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау аясында әлеуметтік қызметкерлер институтын күшейту көзделіп отыр.

Әлеуметтік жұмысқа тек тәуелсіз бағалау арқылы біліктілігін дәлелдеген және сертификаты бар мамандар ғана жіберіледі.

Все новости