00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

2023 жылдан бастап әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 95%-ы цифрландырылады

31.03.2023 | 21:12
Елорда ақпарат
108

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанда әлеуметтік-еңбек саласында көрсетілетін 45 қызметтің 43-і (95%) электрондық форматта, оның 23-і проактивті түрде көрсетіледі.

2022 жылы қазақстандықтарға 13,1 млн қызмет көрсетілген.  Бұл ретте электронды форматта 10,6 млн, оның 1 млн-нан астамы азаматтардың жіберілетін хабарламаларға берген жауаптары негізінде проактивті түрде көрсетілді. Яғни үйінен шықпай смс хабарламаларға жауап бере отырып, тиісті мемлекет тарапынан жәрдемақыларды ала алды, – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

Сондай-ақ 2020 жылы барлық қызметтердің 60%-ы электронды түрде көрсетілсе, 2021 жылы ол көрсеткіш 72%-ға жеткен. Биыл 11 айдың көлемінде  әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру 80%-ға жеткен.

2023 жылы барлық мемлекеттік қызметтердің 90%-ын тек қана электронды форматта көрсетуді жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін трансформациялау және реинжиниринг бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі, – деді  Ербол Оспанов.

Все новости