00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Полиция банктерге пин-кодсыз төлем жасау функциясын алып тастауды ұсынды

31.03.2023 | 20:28
Айман Нығмет
87

Биыл елордадағы Алматы ауданында жеке мүлікті ұрлау фактісі 4,6 пайызға өскен.  Бұл туралы Алматы аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары Марат Өмірбаев брифингте айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Талдау көрсеткендей, қылмыстардың 33,3 пайызы жеке мүлікті ұрлауға қатысты. Алматы ауданы бойынша аталған қылмыстар санының 60-қа немесе 4,6 пайызға өскені байқалды. Яғни, өткен жылдың сәйкес кезеңінде жеке мүлік бойынша 1308 ұрлық фактісі тіркелсе, биыл 1368 қылмыс тіркелді. Мүлікті ұрлау қылмыстарының көбін (64%) басқа өңірлерден келгендер жасайды, - деді Марат Өмірбаев.

Оның айтуынша, 114 банк карталары ұрланған. Ал қолды болған карталар арқылы транзакциялар мен төлемдер жасалған.

Бұл фактілер сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне енгізілді. Ұрлықтың бұл түрінің алдын алу үшін біз екінші деңгейдегі банктерге ПИН-кодты енгізбестен төлем жасау, ранзакциялар жүргізу функциясын алып тастау туралы ұсыныс дайындадық, - деп мәлім етті Марат Өмірбаев.

Все новости