00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

2023 жылдан бастап мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер өседі

31.03.2023 | 20:25
Елорда ақпарат
123

Елімізде 2023 жылдан бастап мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер өседі, деп хабарлады Elorda.info Премьер-министрдің ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5 пайызға арттыру жүргізілсін, – деп жазылған қаулыда.

Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Қазақстанда 6,6 млн жұмыс істейтін азамат міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысады. Мемлекеттік қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді жылына 1,1 млн азамат алады.

Все новости