00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Жыл басынан бері қанша жұмыскердің құқығы қорғалды

31.03.2023 | 20:23
Елорда ақпарат
61

1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 781 кәсіпорнында 18,9 мың жұмыскердің алдында 4 млрд 359,2 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 719 нұсқама беріліп, 130,1 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 17,2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 4 млрд 234,1 млн теңге төленді.

Все новости