00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

26 мамырдан бастап қазақстандықтардан көлік салығын өндіріп алу басталады

11.05.2023 | 20:30
171

Қазақстанда 1 миллионнан астам адам мүлік пен көлік салығын төлемей отыр. Қарыздың жалпы сомасы 29,1 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлады Elorda.info.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, берешектің басым бөлігі – 27,9 миллиард теңге көлік салығы болып төленуі керек.

26 мамырдан бастап берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен асатын борышкерлердің тізімдері өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға жіберілетін болады, - дейді комитет мамандары.

Заң бойынша жеке сот орындаушылар банктік шоттар және мүлікке тыйым салуға құқылы. Ал қарыздың сомасы 40 айлық есептік көрсеткіштен (138 000 теңгеден) асып кетсе, Қазақстаннан шығуға тыйым салынады. Оған қоса, берешек сомасының 25 пайызы көлемінде қосымша ақы төлеуге тура келеді. Бұл – сот орындаушыларының ақысы.

Осыған байланысты азаматтардан қарыздың жоқтығына көз жеткізуді ұсынамыз, - дейді салықшылар. 

Айта кетері, салықтың бар-жоғын e-Salyq Azamat мобильді қосымшасынан (→ Электрондық сервистер → салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі → ЖСН енгізу арқылы) көруге болады.

Все новости