ХКК Конгресі: Кәсіподақтар федерациясының мүшелігі қалпына келтірілді
![](/img/articles/uploads/6375db8cb5324216277168_4a69821a9c.jpg)
Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының Бас кеңесі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының мүшелігін қалпына келтіру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Facebook-тегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Еске салайық, төраға бастаған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының делегациясы Аустралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының V конгресінің жұмысына қатысуда.
Қазіргі уақытта ХКК Бас кеңесінің отырысы өтуде. Жаңа ғана Кәсіподақтар федерациясының Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясына мүшелігі туралы мәселе қаралды. Кәсіподақтар федерациясының ХКК мүшелігін қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Дегенмен, еліміздегі бірлестіктер бостандығын қамтамасыз ететін заңнамалық реформалардың жүзеге асырылуы маңызды, - деді Сатыбалды Дәулеталин.
2022 жылдың 17-22 қарашасы аралығында 300-ден астам ұлттық кәсіподақ орталықтарының делегаттары алдағы төрт жылға арналған Дүниежүзілік кәсіподақтар қозғалысының күн тәртібін талқылайды.
Конгресс қатысушылары мүше-елдердегі тұрақтылықты сақтау бойынша ұсыныстар көрсетілетін «Жаңа әлеуметтік келісімшарт» мәлімдемесін қабылдауға ниетті. Мәлімдеме жобасына сәйкес, талқылау жаңа әлеуметтік келісімшарт тақырыбына: жасыл жұмыс орындары, жұмыскерлердің құқықтары, әділетті жалақы, әлеуметтік қорғау, теңдік және инклюзивтілікке арналады.
COVID-19 пандемиясының салдары бүкіл әлем бойынша 250 миллионнан астам жұмыс орнын жойып жіберді және көптеген елдерде толық емес жұмыспен қамту ауқымы белең алуда. Пандемияға дейін де үкіметтер саясаттың орталық мақсаты ретінде толық жұмыспен қамтуға аз ғана ниет танытқан. Толық жұмыспен қамтуға қол жеткізу үшін 575 миллион жаңа жұмыс орнын ашу қажет, - делінген мәлімдемеде.
Айта кетейік, Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясы 161 елден 176 миллион адам кіретін әлемдегі ең ірі кәсіподақ бірлестігі болып табылады. 2018 жылы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ХКК мүшелігі тоқтатылған болатын.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)