00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру деңгейі 95%-ға жетті

31.03.2023 | 20:06
Елорда ақпарат
103

Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру деңгейі 95%-ға жетті. Қолжетімді 45 қызметтің 43-ін электрондық форматта алуға болады, деп хабарлады Elorda.info.

Мұның барлығы “Цифрлы Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы аясында істеліп жатқан жұмыстар. Жалпы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көрсететін қызметтерді дамыту тұрақты негізде жүргізіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді трансформациялау және реинжинирингтеу, ақпараттық жүйелерді дамыту және интеграциялау, мүмкіндіктерге қол жеткізуді жеңілдету және қазақстандықтар үшін олардың санын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Еліміздің азаматтары әлеуметтік-еңбек саласында 45 мемлекеттік көрсетілетін қызметті ала алады, оның 43-і, яғни 95%-ы электрондық форматта қол жетімді, ал жартысын проактивті түрде алуға болады. Жалпы, цифрлық құралдардың арқасында жыл басынан бері азаматтар 15,6 млн мемлекеттік көрсетілетін қызметті немесе осы жылғы қазірге дейін көрсетілген қызметтердің жалпы санының 87%-ын алды.

Біз бұл жұмысты үнемі жалғастыратын боламыз. Биылғы жылдың басынан бастап «Электрондық үкімет» порталында тағы 5 мемлекеттік көрсетілетін қызмет іске асырылды, – деді вице-министр Ербол Оспанов.

Осы жылы цифрландырылған қызметтерге мыналар жатады: еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда, жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау, қандас мәртебесін беру немесе ұзарту.

Все новости