Президенттікке үміткер Жигули Дайрабаевтың Instagram желісіндегі аккаунты жалған
![](/img/articles/uploads/6362526ea3e73855879329_c69c07f832.jpeg)
Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Instagram әлеуметтік желісінде өзінің аккаунтын ашқаны туралы ақпарат таратылуда. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы бұл аккаунт жалған және Жигули Дайрабаевқа тиесілі емес екенін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Кандидат ешқашан Instagram желісінде аккаунт ашқан емес.
«Ауыл» партиясы партия және оның президенттікке кандидаты Жигули Дайрабаев туралы жалған ақпарат тарату мүмкіндігі туралы ескертеді. Бұл сайлауалды үгіт-насихат науқаны кезінде кандидаттың қызметіне халықтың баса назар аударуына байланысты.
Жигули Дайрабаевтың жеке өзі жүргізетін Facebook әлеуметтік желісінде ғана аккаунты бар екенін ресми түрде хабарлады.
Құрметті қазақстандықтар, сіздерді желідегі жалған ақпаратқа сенбеуге және арандатушылыққа бой алдырмауға шақырамыз. Жигули Молдақалықұлының Instagram желісінде аккаунты жоқ. Ақпаратты тек ресми дереккөздерден оқыңыз. Партия азаматтарды партияның және кандидаттың барлық қызметі туралы жедел түрде әрі ашық хабардар етеді, – деп атап өтті кандидаттың республикалық қоғамдық штабының басшысы Төлеутай Рахымбеков.
Сайлау науқанына қатысты барлық ақпарат «Ауыл» ХДПП сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланады.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)