00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Қазақстан темір жолы» төменгі орындар бағасына жеңілдік енгізбейтін болды

31.03.2023 | 19:37
Айман Нығмет
89

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ пойыз билеттеріне сараланған тариф енгізу жобасынан бас тартты, деп хабарлады Elorda.info.

Жолаушылар тасымалы» АҚ 5 коммерциялық пойызға жоғарғы және төменгі орындар үшін жол жүру құнына сараланған тәсіл қолдану бойынша пилоттық жобаны іске асырмайтын болды, - делінген «Қазақстан темір жолы» компаниясының сайтында.

Айта кетейік, ҚТЖ келесі жолаушылар пойыздарында биылғы 1 желтоқсаннан бастап жоғарғы және төменгі орындар әртүрлі бағамен сатылатыны туралы мәлімдеген болатын:

1. № 111/112 «Алматы – Маңғыстау»;

2. № 51/52 «Алматы – Орал»;

3. № 105/106 «Алматы-Петропавл»;

4. № 71/72 «Астана-Шымкент»;

5. № 29/30 «Алматы-Атырау».

Пилоттық жоба 2023 жылғы 28 ақпанға дейін сынақтан өткізілуі тиіс болған. Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жол ақысының айырмашылығы 20% құрайтыны жоспарланды.

Жоба вагондағы орындарды біркелкі бөлу, сондай-ақ жолаушылардың төменгі орындарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады, - деген еді ҚТЖ-дан.

Все новости