00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Президент бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

31.03.2023 | 19:26
Елорда ақпарат
42

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлығымен:

1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені ішкі істер органдарының ардагері Қайырбек Шошанұлы Сүлейменовке тапсырылды;

2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені жазушы Дулат Исабековке және «АтырауАгроӨнімдері» ЖШС директоры Владимир Фёдорович Розметовке тапсырылды.

Все новости