00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Аңшы куәлігін жыл сайын тіркеу қажет емес

31.03.2023 | 18:35
Айман Нығмет
102

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының аңшы куәлігін жыл сайын тіркеуге қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазіргі уақытта «Аңшы куәлігін беру» мемлекеттік қызметі «Е-лицензиялау» порталы арқылы толық автоматтандырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмауға, сондай-ақ аңшылар куәліктерінің бірыңғай тізілімін құруға бағытталған. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі биыл eGovMobile қосымшасын жетілдіру бойынша жұмысты аяқтады. Сонымен, өтініш берушілер eGovMobile-дың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен авторизация шартымен интернетке қосылмай «цифрлық құжаттар» сервисін жылдам пайдалану мүмкіндігіне ие, - деді Роман Скляр.

Бірінші вице-премьер айтуынша, осыған байланысты аңшы куәлігін қағаз тасығышта беру орынсыз. Аңшы куәлігін жыл сайын тіркеу рәсімін енгізу жеке тұлғаларға қосымша құқықтық және қаржылық жүктеме туғызады.

Сонымен қатар, қару аңшының куәлігіне сәйкес келмейтінін атап өткен жөн, сәйкесінше аңшы куәлігін жыл сайын тіркеу азаматтар сатып алған және аң аулауда қолданылатын атыс қаруының санын бақылаудың тиімді механизмі бола алмайды. Осыған байланысты аңшы куәлігін жыл сайын тіркеуді енгізу орынсыз, - деді бірінші вице-премьер.

Все новости