00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елімізде көмір бір жылда 11%-ға қымбаттады

31.03.2023 | 18:21
Айман Нығмет
81

Қаңтар-тамыз айларында көмір өндіру көлемі 76,5 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5% -ға артық, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Экспорт 16,3%–ға артып, 20,9 млн тоннаға жетті, ал ішкі нарықта сату тек 1,4%-ға өсіп, 2022 жылғы қаңтар-шілдеде 45,7 млн тоннаны құрады.

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстанда көмір бір айда 2,9%-ға және бір жылда 10,8%-ға қымбаттады.

Елімізде 1 тонна көмірдің орташа бөлшек сауда бағасы бір жылда 13,7 мың теңгеден 15 мың теңгеге дейін өсті. Ең қымбат көмір Тараз және Орал қалаларында сатылды: Жоғары баға Жезқазған, Алматы және Талдықорған қалаларында тіркелді.

Ал үйді көмірмен жылыту экологиялық жағдайға әсер етеді. «Қазгидрометтің» атмосфералық ауаның сапасы туралы анықтамасына сәйкес, 4-10 қазан аралығында ең лас ауа Қарағандыда байқалды. Одан кейін Астана және Алматы қалаларында байқалды.

Все новости